Жамбыл облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті
Жамбыл облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Қордай ауданындағы Отар ауылынан бір шақырым жерде болған.
Жол апаты болған жерге ТЖД қызметкерлері жедел жетіп, құтқару жұмыстарына кіріскен.
Көлік ішінде түрлі деңгейдегі жарақат алған үш адам болған.
Зардап шеккендердің бірі өздігінен қозғала алмаған.
Құтқарушылар оны зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: