Қазақстан жаңалықтары29 мамыр 2025, 16:31

“Жантүршігерлік жол апаты”: 4 адам тіл тартпай кетті

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 28 мамыр күні кешке, шамамен сағат 18:00-де болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеген КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан тіркеме Geely жеңіл көлігімен соқтығысқан, ал ол өз кезегінде тағы бір көлікке соғылған. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат Апат Жол апаты
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар