Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот оны «алаяқтық» және «пара алу» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ол 6 жыл түрме жазасына кесілді. Бұған қоса, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды.
Бұған дейін прокурорлар оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Еске салсақ, биылғы 18 ақпанда ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растады. Сол кезден бері Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүрді.
2018–2024 жылдары Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: