Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда 16 қараша күні бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл жөнінде «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы негізінен құрғақ, жауын-шашынсыз өтеді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Батыс және Солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Ауа райын болжаушылар республика бойынша түнде және таңертең туман түсетінін ескертеді.
Сонымен қатар:
- Солтүстік,
- Солтүстік-батыс,
- Шығыс,
- Оңтүстік-шығыс өңірлерінде желдің күшеюі болжанады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: