«Қазақстан-Бельгия матчы»: Елордада көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Бүгін елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Бельгия ұлттық құрамаларының футбол матчына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Атап айтқанда, «Сарыарқа» велотрегі мен «Алау» спорт кешені маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары жағынан жол қозғалысы белгілі бір бағыттар бойынша шектеледі.
Жанкүйерлердің ыңғайы үшін матч өтетін жерге мына орындардан арнайы автобустар қатынайды:
«Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
«Астаналық цирк» автотұрағы;
«Бас мешіт» автотұрағы;
«Орталық саябақ» автотұрағы;
«Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-де басталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: