Қазақстан жаңалықтары14 қараша 2023, 15:12

ЖК басшысы қамауға алынды

2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, олардың үшеуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция департаменті ҚК-тің 277-ші  бабының 3-бөлігіне («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды.

Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Астана Альпинист Қылмыстық іс Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар