Жүгерінің арасынан есірткі плантациясы табылды

Алматы облысында жүгері алқабының арасынан үлкен есірткі плантациясы табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК қызметкерлері жүгері арасынан 233 түп қарасораны анықтаған. Сондай-ақ маңындағы лашықтан келесі егіске арналған ондаған тұқым табылған.

Сарапшылардың айтуынша, тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 49 келіден асқан. Жер телімінің иесі - 36 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, Шелек полициясына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ескерткендей, мұндай "өнім" ауыл шаруашылығы емес, ауыр қылмыс ретінде бағаланады.

Бұған дейін Президент Қазақстандағы нашақорлықтың ауқымы туралы пікір білдіріп, онымен қоғамның белсенді қатысуынсыз күресу мүмкін емес екенін атап өткен. Сонымен қатар, Үкіметке, өңір әкімдеріне және жауапты мемлекеттік органдарға шараларды күшейтуді тапсырған.

Алматы облыс Есірткі Қылмыс
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар