15 жастағы қазақстандық шахматтан сенсация әкелді
15 жастағы қазақстандық пен шахматтан вице-әлем чемпионы арасындағы кездесу сенсациямен аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
15 жастағы қазақстандық шахматшы Ернұр Амангелді Самарқанда өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының екінші айналымында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады, деп жазады Sports.kz.
Қарамен ойнаған Амангелді Непомнящиймен кездесуді тең аяқтады.
26-30 желтоқсан аралығында Самарқанд қаласында жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтуде.
26-28 желтоқсанда рапид, 29-30 желтоқсанда блиц жарыстары өтеді.
Жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: