Астанада көшеде сегіз чемодан мен шашылған долларға ұқсас купюралар табылды.

Астананың Қонаев көшесіндегі Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңында сегіз чемодан мен долларға ұқсас банкноттар шашылып жатқан жерінен табылды деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға туралы полицияға «102» арнасы арқылы хабар түскен. Көп ұзамай оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тротуарға шашылған купюралар мен олардың жанында жатқан бірнеше сөмке мен чемоданды көруге болады.

Бейресми ақпарат бойынша ұлттық компания басшылары ұсталған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты ұстау шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізгенін мәлімдеді.

Қазір Qaz365kz редакциясы аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҰҚК-ге ресми сауал жолдады.

оқиға полиция Чемодан доллар

Тақырыпқа жаңалықтар