29 жастағы боксшы жекпе-жектен кейін көз жұмды
Британ боксшысы Шериф Лаваль кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін көз жұмды. Ол 12 мамырда отандасы Малам Вареламен жұдырықтасқан еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Шериф Лаваль төртінші раундта шеке тұсынан соққы алып, есінен танып қалған. Төреші жекпе-жекті дереу тоқтатқан.
Дәрігерлер дефибрилляторды қолданар алдында спортшыға алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен. Боксшы ауруханаға жедел жеткізілген, алайда, есін жимастан көз жұмған. Қайғылы оқиғадан соң бокс кеші тоқтатылды.
Шериф Лаваль 2018 жылдан бері бокспен шұғылданған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: