Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: 37 қылмыстық іс қаралып жатыр

Ақпарат Ақорданың ресми сайтында пайда болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізіліп жатыр.

«Комиссия жұмысы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеруге тиісті жағдай жасауға, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтаудың, медициналық көмек көрсетудің сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына баса назар аударылып отыр. Анықталған жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Комиссия жұмысы биылғы қарашада аяқталады. 

Ақпарат Ақорда комиссия Қорғаныс минстрлігі

Тақырыпқа жаңалықтар