Спорт10 қараша 2023, 20:38

Александр Недовесов Болгариядағы турнирдің финалына шықты

Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселмен сынға түсті.

Австралиялық дуэт ширек финалда тағы бір қазақстандық Андрей Голубев – украиналық Денис Молчановты сүріндірген еді.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр Недовесов – Гонсало Эскобар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

А.Недовесов – Г.Эскобар финалда жарыстың 3-ракеталары, ұлыбританиялық Джулиан Кэш – хорватиялық Никола Мектичпен бас жүлдені сарапқа салады.

Александр Недовесов Финал болгария турнир

Тақырыпқа жаңалықтар