Финал

Финал - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Финал】 жаңалықтар Arbat media
4 тамыз 2024 / Sport

Қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші — 9:16.46 секунд. Бұл — Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. 

10 шілде 2024 / Sport

Испания 12 жылдан кейін Еуропа чемпионатының финалына шықты

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Жанкүйерлер Испания мен Франция кездесуін асыға күткені анық. Кілең жұлдыздар жиналған қос құраманың қайсысының бабы келісіп, бағы басым болады деген сауал көпшілік көкейінде тұрды. 

22 мамыр 2024 / Sport

Қытайлық қазақ файтер Road to UFC турнирінің финалына жолдама алды

Қытайдағы қандасымыз Бақытбол Батырболат Шанхай қаласында өткен «Road to UFC» турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді. Үш раундқа созылған айқаста қандасымыз оңтүстіккореялық қарсыласы Ким Хан Сольді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 29-28 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алған.

5 мамыр 2024 / Sport

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты

Қазақстандық спортшы, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Астанада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.

4 мамыр 2024 / Sport

Grand Slam турнирі: Мағжан Шамшадин финалға шықты

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық татами шебері Мағжан Шамшадин финалға шықты. 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.