Спорт8 қазан 2023, 8:35

Андрей Скабелка «Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

«Барыс» командасының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, бас бапкер Андрей Скабелка қызметінен кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Скабелка 2018-2020 жылдарда басшылық жасап, екі рет "Барысты" Гагарин кубогының плей-офф сатысына алып шықты.

 2022/23 жылғы маусымда да командаға жетекшілік жасады.

«Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

Ол команда құрылымында 2009 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.

 

Андрей Скабелка Барыс Бас бапкер қызметтен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар