7 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Сенат Анастасия Щегорцованы ОСК мүшесі қызметінен босатты
Сенаттың жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттігі тоқтатылып, қызметінен босатылды. «Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында Сенат тағайындаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесін қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны алдын ала талқылап, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Регламент негізінде Парламент Сенатына Анастасия Геннадьевна Щегорцованы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінен босатуды ұсынамыз», — деді сенатор Нұрлан Бекназаров.