Спорт13 желтоқсан 2023, 12:12

«Астана» - «Виктория Пльзень» кездесуінде франциялық төрешілер болады

Футболдан УЕФА Конференция лигасы алтыншы турындағы қазақстандық «Астана» командасының сырт алаңдағы «Виктория Пльзень» (Чехия) клубымен кездесуінде франциялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бас төреші - Вилли Делажо. Оған отандастары Эрван Финжан мен Филипп Жанн көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де франциялық Томас Леонард.

Кездесу 14 желтоқсаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 02:00-де басталады.

«Астана» командасы C тобында ойын көрсетеді.

Бесінші турдан кейін «Виктория Пльзень» (Чехия) - 15, «Динамо Загреб» (Хорватия) - 6 ұпай жинаса, «Балкани» (Косово) мен «Астанада» - 4 ұпайдан бар.

Қазірге дейін астаналық клуб екі мәрте «Динамо Загребке» 1:5, 0:2, өз алаңында «Виктория Пльзеньге» 1:2 есебімен жеңілді. 

«Балканиді» сырт алаңда 2:1 есебімен тізе бүктірсе, өз алаңында 0:0 есебімен тең ойнады.

Астана Виктория Пльзень Кездесу франциялық төрешілер

Тақырыпқа жаңалықтар