Жанар Айжанова үйлену тойында берілетін тортқа шүйлікті
Әнші Жанар Айжанова үйлену тойында торттың алғашқы бөлігін кімге беру керек деген таласқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өнер иесі қуанышты сәтте мұндай рәсімге бола ренжісуді орынсыз санайды. Оның сөзінше, тортқа қатысты дау кейде үлкен жанжалға ұласып, жас жұбайлардың арасына сызат түсіреді.
«Тортты бермей-ақ қойса екен. Екі жастың тәтті торт жеп отырғанын көрсе жетпей ме? Міндетті түрде анасына, енесіне, ата-анасына беру керек деген не әдет? Кішкентай балалар тәттіні жақсы көреді ғой, соларға берсін. Не болмаса даяшыларға берсін. Осы торттың дауынан қазір ажырасуға дейін барып жатыр», – деді әнші.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: