Спорт10 наурыз 2024, 8:00

Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты. Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі.

Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын.

ММА-дегі статистикасы — 19-2.

Оның жеңістер сериясы қазір — 15 жекпе жек.

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген.

Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.

Асу Алмабаев UFC

Тақырыпқа жаңалықтар