Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сотта анықталғандай, 20 қаңтар күні алты сотталушы және тергеу барысында анықталмаған өзге де тұлғалар алдымен марқұм мен оның таныстары отырған көлікті әдейі соғып, жол апатын ұйымдастырған.
Кейін 40 жастағы палуанды қаланың сыртына алып шығып, соққыға жығып, аса қатігездікпен өлтірген.
Сот шешімімен кінәлілер 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Бұдан бөлек, сот жәбірленуші тарапқа өтемақы төлеуге міндеттеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: