Спорт23 мамыр 2024, 11:00

«Аталанта» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

Футболдан UEFA Еуропа лигасының финалында «Аталанта» (Италия) мен «Байер» (Германия) кездесті. Кездесуде италиялық клуб жылдам гол соғып үлгерді. Олардың қатарынан Адемола Лукман 12-минутта есеп ашса, 26-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өз қақпасына гол жіберіп алған «Байер» командасы таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Оған қарсылас ұжым лайықты тойтарыс беріп, бірінші кезеңде германиялық клуб дегеніне жете алған жоқ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Екінші кезеңде де «Аталанта» негізінен есепті сақтап тұруға ниет танытты. Есесіне «Байер» командасының белсенділігі байқалып тұрды. Шабуылға көбірек шыққанымен соңғы сәттілік жетіспей жатты.

Ал Адемола Лукман 76-минутта қорытынды есепті белгілеп, хет-триктің авторы атанды.

Осылайша «Аталанта» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте Еуропа лигасының чемпионы атанды.

«Аталанта» Еуропа лигасы жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар