Иордания королі Қазақстанның жаңа орденін тұңғыш болып иеленді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын табыстады. Марапаттау рәсімі Иордания басшысының Астанаға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы ІІ Абдаллаға “Al-Farabi” орденін тапсырды. Бұл марапат корольдің Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. Иордания басшысы аталған орденнің тарихтағы алғашқы иегері атанды. Тоқаев мұның символдық мәні зор екенін атап өтті.

Жаңа орден Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің құрметіне аталған. Марапат 2026 жылғы 20 сәуірде Президент жарлығымен тағайындалды. Ол білім, ғылым, мәдениет пен руханият салаларында елеулі жетістікке жеткен Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтарына беріледі.

Президент Иордания каролі Марапат жетістік

Тақырыпқа жаңалықтар