Спорт8 маусым 2024, 0:16

Азия чемпионаты: Жасөспірім теннисшілер финал кезеңіне шықты

Душанбе қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында 12U Team Competition-Supported by KTF турнирінің Орталық Азия аймағы бойынша іріктеу жарысы мәресіне жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, командалық біріншілікте ел намысын мына спортшылар қорғады.

Ұлдар:

Темірлан Жантеміров,

Ярослав Бобров,

Лев Югай.

Капитаны Руслан Арепринцев.

Қыздар:

Айым Қанағатова,

Әдемі Әлсейпулова,

Медина Алагөзова.

Капитаны Зарина Жұмаджанова.

Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен ойнап, барлық матчта жеңіске жетті.

Ұлдар да осы төрт елдің теннисшілерінен басым түсті.

Осылайша, қос құрама биыл күзде Шымкент қаласында өтетін командалық Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

 

Азия чемпионаты Жасөспірім Теннис финал кезеңі

Тақырыпқа жаңалықтар