Новости: Азия чемпионаты

Азия чемпионаты - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Азия чемпионаты】 жаңалықтар Arbat media
Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді
13 қараша 2024 / Sport

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді. Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілді. 

Қазақстан хоккей құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды
7 қараша 2024 / Sport

Қазақстан хоккей құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды

Алматы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Азия чемпионатының алғашқы ойын күні аяқталды. Құрлық додасы алғаш рет Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өткізіліп отыр. Қазақстандық хоккейшілер бірінші турда Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Кореялық хоккейшілер 20-минутта есеп ашса, оған 23-минутта Борисевич таразы басын теңестірді.

Қазақстанда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді
4 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Елімізде тұңғыш рет Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) шеңберінде Азия чемпионаты өтеді. Чемпионат Алматы қаласындағы Halyk Arena стадионында өтеді. Еске салайық, Halyk Arena-да халықаралық хоккей біріншіліктері соңғы рет 2017 жылғы Универсиада ойындары шеңберінде өтіп, Қазақстанның хоккей ұжымы күміс жүлде еншілеген еді. 

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды
20 қыркүйек 2024 / Sport

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Азия чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық турнирге Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерден боксшылар келеді. 

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ дәрежесін ауыстырады
18 қыркүйек 2024 / Sport

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ дәрежесін ауыстырады

Жыл соңында Аммандада бокстан Азия чемпионаты өтеді. Турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының кейбір спортшылары салмақ ауыстырады. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. «Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауысады. 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. 

Азия чемпионаты: Балуандарымыз 8 медаль алды
1 шілде 2024 / Sport

Азия чемпионаты: Балуандарымыз 8 медаль алды

Қазақстан командасы Амманда еркін күрестен Азия чемпионатында 8 медальға ие болды. Жастар арасындағы Азия біріншілігінде Мерей Базарбаев (61келі) пен Шамсат Тайыр (86 келі) жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс жүлде алғаны Сұлтан Құрманәлиеы, Рүстем Мырзағалиев пен Әкежан Айтбеков болды. 

Самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын алды
30 маусым 2024 / Sport

Самбошылар Азия чемпионатында 15 алтын алды

Қытайдың Макао қаласында самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты аяқталды.Спортты  амыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, екі күнге созылған бәсекеде ұлттық құрама ауыз толтырып айтар нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшылар 15 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды.