СпортБүгін, 13:30

Бес айдан бері жалақы алған жоқпын – Михаил Шайдоров

Мәнерлеп сырғанаушы мұны Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. Сөзінше, қазір жаңа маусымға дайындықты бастайтын уақыт келді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алайда қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер шешілмегендіктен, ол дайындықты қалай жалғастыратынын түсінбей отыр.

Ол Олимпиададан кейін жалақысы жарияланғанына наразы болып, Туризм және спорт министрлігін сынға алған еді. Шайдоров оның дәл осы әрекеті қазіргі қаржылық мәселелерге себеп болуы мүмкін деп санайды.

“Менің жалақым жарияланған кезде, мұны құрметсіздік деп қабылдадым. Өйткені дерегі жарияланған жалғыз спортшы мен болдым. Басқа спортшылар болған жоқ. Сол арқылы менің, отбасымның, әкемнің еңбегін құнсыздандырып, бұл медальға өздерінің қатысы барын көрсеткісі келгендей болды”, – деді ол.

Шайдоров спорт айлық жалақы
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар