"Бәрібір де оқу керек": Тоқаев жастарды кітап оқуға шақырды

Қазақстан мен Ресей президенттері Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқушылар мен студенттер ЖИ технологияларын түрлі салада және өнерде қолдануға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Тоқаев жасанды интеллект дәуірінде де кітап оқудың маңыздылығын және осы бағытта Қазақстанда жасалып жатқан қадамдарды айтты.

«Бәрібір де оқу керек. Мен, Қазақстанда "Оқушы ұлт" құру туралы арнайы жарлық шығардым. Жастарды кітап оқуға баулығым келеді. Жақын арада Астана мен Алматы қалаларында Президенттік кітапханалар ашылады. Онда жастардың тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы келуіне барлық жағдай жасалады», - деді Тоқаев.

Президент кітап оқу Кітапханалар Жастар

Тақырыпқа жаңалықтар