Будапештегі турнирде еркін күрестен Әлішер Ерғали чемпион атанды
Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде қазақстандық балуандар үш медаль алды. Жарыстың алғашқы күні, 6 маусымда финалда Әлішер Ерғали (97 келі) әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Қарсыласы белгісіз себеппен кілемге шыққан жоқ.
Төрешілер шешімімен жеңіс Әлішерге беріліп, турнир жеңімпазы атанды.
Ал Юсуп Батырмырзаев (125 келі) финалда АҚШ балуаны Мэйсон Пэрриске есе жіберіп қойды. Осылайша күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде Ризабек Айтмұқан (97 келі) қола үшін сайыста словакиялық балуан Батырбек Цакуловтан айласын асырып кетті.
7 маусымда еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) бозкілемге шығады.
Сондай-ақ лицензиялық турнирде еліміздің атынан грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов, Шәміл Ожаев (86 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) сайысқа түседі.
Әйелдер күресінен құрама санында Эмма Тисина мен Марина Седнева (55 келі), Диана Каюмова мен Ирина Кузнецова (59 келі), Ирина Казюлина (65 келі) және Жәмила Бақбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (72 келі) бақ сынайды.