Спорт11 наурыз 2024, 10:00

Cәкен Бибосынов Бахрейн атынан сынға түскен қазақ боксшысын жеңді

Италияда екі қазақ боксшысы кездесті. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте Сәкен Бибосыновтың мерейі үстем болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ол Бахрейн атынан сынға түскен Азат Махметовті жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетсек, бұған дейін лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға кімдер шығатынын жазған болатынбыз. Италиядағы бокс бәсекесінде қазақстандықтар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті.

Еске салайық, Италиядағы турнирдің 1/8 финалында Айбек Оралбай қарсыласын жеңіп, Олимпиада лицензиясына бір табан жақындады. Сондай-ақ әйелдер арасында Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Наталья Богданова жарыс жолынан шығып қалды.

Италия Cәкен Бибосынов бокс жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар