Ел қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин 33-лицензияны жеңіп алды. ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин ел қоржынына Париж Олимпиадасының кезекті жолдамасын сыйлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтап, Қазақстан командалық есепте топ-25 елдің қатарына енді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ұлттық құрама саңлақтары Париж Олимпиадасының 32 жолдамасына қол жеткізген болатын.
Атап айтсақ, (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастикадан – 1, батуттағы гимнастика – 1, жеңіл атлетикадан 1 жолдама иеленген.
2024 жылғы Олимпиада ойындарында спорттың 32 спорт түрінен 329 медаль өз иесін табатын болады.
Бүгін Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін сында әлемнің екі жүзге тарта елінен 10 мыннан астам спортшы бақ сынамақ.