жолдама

жолдама - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жолдама】 жаңалықтар Arbat media
2 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиада жолдамасынан тыс қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңінде Словакиямен шешуші ойын өткізді. Кездесу басынан словакиялық хоккейшілер жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Роберт Лантоши 4, Павол Регенда 12-минутта екі шайба соғып кетті. 

2 шілде 2024 / Sport

EURO-2024: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде Нидерланд ширек финалға жолдама алды. D тобында сынға түскен нидерландтық футболшылар жанкүйер көңілінен шығарлық ойын көрсете алған жоқ еді. Топтық кезеңде Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде төрт ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. 

20 сәуір 2024 / Sport

Спортшыларымыз бір күнде Олимпиадаға тоғыз жолдама жеңіп алды

Бір күнде атлеттеріміз тоғыз жлдамаға қол жеткізді. Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынған әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан лицензиялық турнирде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Париж олимпиадасының жолдамларын сарапқа салған спортшыларымыздан сүйіншілі жаңалықтар келді. Онда отандастарымыз бірден төртжылдық басты додаға 6 лицензия жеңіп алып, жалпы жолдамалар санын 39-ға жеткізді.

17 сәуір 2024 / Sport

Ел қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин 33-лицензияны жеңіп алды. ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин ел қоржынына Париж Олимпиадасының кезекті жолдамасын сыйлады.

26 наурыз 2024 / Sport

Денис Евсеев Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 327-орында тұрған Румыния өкілі Сезар Крецумен кездесті.