Спорт22 наурыз 2024, 3:03

Euro-2025: Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан жеңілді

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында сырт алаңда Шотландиямен кездесті. Кездесуде шотландиялық футболшылар бірден шабуылға көшті. Ойынның 19-минутта Джош Дойг есеп ашса, одан кейін 24-минутта Лайл Кэмерон есепті белгіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ойынның 38-минутында Томми Конвей пенальтиді мүлт жібермей, Шотландия жастар құрамасының басымдығын арттыра түсті. Ал шотландиялық Льюис Фиорини 55-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Қазақстандық құрамадан Ян Труфанов 68-минутта есеп айырмасын қысқартты. Осылайша қазақстандық жастар қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық футболшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары. Қазірге дейін ел құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Оның ішінде Венгрияға 0:2, Бельгияға 0:1, Испанияға 0:4 есебімен жол берді. Ал Мальтаны 2:0 есебімен тізе бүктірді. Енді қазақстандық футболшылар 26 наурызда өз алаңында Венгрияны қабылдайды.

2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 12-29 маусым аралығында Словакияда өткізіледі.

Euro-2025 Қазақстан-Шотландия Жеңіліс

Тақырыпқа жаңалықтар