Алматыда көлік тұрағына талас адам өлімімен аяқталды

Пышақ жарақатын алған 37 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрғындар арасында көлік қоятын орынға қатысты туындаған. Кикілжің кезінде ер адам ауыр жарақат алып, кейін қайтыс болған.

Куәгердің сөзінше, марқұм көп қан жоғалтқан.

«Ол қанға тұншыға бастады. Кейін оның тамағы кесілгенін білдім», – дейді оқиға куәгері.

Марқұмның артында 8 жасар ұлы мен жүкті әйелі қалды.

Пышақ жарақаты ер адам Марқұм куәгер

Тақырыпқа жаңалықтар