Спорт27 наурыз 2024, 7:57

Еуропа чемпионатында ойнайтын барлық құрама белгілі болды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды. Құрлықтық доданың финалдық сатысына соңғы үш жолдама Ұлттар лигасы плей-офф сатысы арқылы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кеткен Грузия Еуропа чемпионатына алғаш рет жолдама алды.

Айта кетсек, Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімее жеңсе, Грекия Қазақстанды 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, Ұлттар лигасы А жолымен Уэльс пен Польша кездесуінің негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында польшалық футболшылар 5:4 есебімен жеңді.

Ал В жолымен Украина құрамасы Исландиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Грузия, Польша, Украина құрамалары құрамалары құрлықтық додада бақ сынайтын болды.

Құрамалардың топқа бөлінуі төмендегіше:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, УкраинаF тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Еуропа чемпионаты Финал құрама
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар