Спорт1 қыркүйек 2023, 19:27

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына жолдама алады.

A тобы: «Вест Хэм» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Фрайбург» (Германия), «Бачка Топола» (Сербия);

B тобы: «Аякс» (Нидерланд), «Марсель» (Франция), «Брайтон» (Англия), АЕК (Грекия);

C тобы: «Рейнджерс» (Шотландия), «Бетис» (Испания), «Спарта» (Чехия), «Арис» (Кипр);

D тобы: «Аталанта» (Италия), «Спортинг» (Португалия), «Штурм» (Австрия), «Ракув» (Польша);

E тобы: «Ливерпуль» (Англия), ЛАСК (Австрия), «Юнион» (Бельгия), «Тулуза» (Франция);

F тобы: «Вильярреал» (Испания), «Ренн» (Франция), «Маккаби Хайфа» (Израиль), «Панатинаикос» (Грекия);

G тобы: «Рома» (Италия), «Славия» (Чехия), «Шериф» (Молдавия), «Серветт» (Швейцария);

H тобы: «Байер» (Германия), «Карабах» (Әзербайжан), «Мольде» (Норвегия), «Хеккен» (Швеция).

Топтық кезең 21 қыркүйекте басталып, 14 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Ал плей-офф 2024 жылдың 15-22 ақпаны, 1/8 финал 7-14 наурыз күндері болса, 1/4 финал - 11-18 cәуір, жартылай финал 2-9 мамыр күндеріне белгіленген.

Финал 2024 жылдың мамыр айында Ирландияның Дублин қаласындағы «Авива» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Еуропа лигасы топтық кезең футбол жеребе

Тақырыпқа жаңалықтар