Спорт3 желтоқсан 2023, 1:33

Германия юниорлары футболдан әлем чемпионы атанды

Индонезияда өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Германия мен Франция финалдық матчта кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Deutsche Welle жариялады.

Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Кездесу пенальти сериясына дейін ұласты. Нәтижесінде неміс командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Үшінші орын үшін кездесуде Мали құрамасы Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

Футболдан юниорлар командасы (17 жасқа дейін) өз тарихында тұңғыш рет әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды.

Германия юниор Әлем чемпионы

Тақырыпқа жаңалықтар