11 банктің несие беру тәртібі тексеріледі

Екінші деңгейлі 11 банктің қарыз алушылардың борыш жүктемесін есептеу тәртібі тексеріледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Тексерудің мақсаты – азаматтардың шамадан тыс несие алуына жол бермеу және банктердің жауапты кредит беру талаптарын сақтауын бақылау. Борыш жүктемесінің коэффициенті адамның ай сайынғы несие төлемдерінің орташа айлық табысына қатынасы арқылы анықталады. Бұған дейін агенттік сегіз банкте пилоттық тексеру жүргізген. Оның нәтижесі тұрақты бақылау қажет екенін көрсеткен. Енді реттеуші анықталған заңбұзушылықтардың сипаты мен маңызын бағалап, қажет болған жағдайда банктерге түзету шараларын қабылдауды міндеттеуі мүмкін. Тексеру қорытындысы несие беру талаптарын жетілдіруге де негіз болады.

банк борышкер Несие Тексеру

Тақырыпқа жаңалықтар