Спорт30 қазан 2023, 10:30

Исхар Курбаев жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс алды

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев (55 келі) грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дүбірлі дода Албания астанасы Тирана қаласында өтті.

Қазақстандық балуан финалда грузиялық Георгий Тохадземен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберіп қойды.

Түркиялық Адам Бурак Узун және әзербайжандық Фарид Садихли қола жүлде алды.

Екі айдай бұрын Исхар Курбаев Иордания астанасы Амман қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз тұғырынан көрінген еді.

Исхар Курбаев Әлем чемпионаты Күміс Грек-рим күресі

Тақырыпқа жаңалықтар