Күміс

Күміс - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Күміс】 жаңалықтар Arbat media
6 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Жүзудің бұл түрінен аталмыш қашықтықта Нұрдәулет әлем және паралимпиада рекордшысы, германиялық спортшы Талисо Энгельді (1:01.90) ғана алға жіберді. Қола жүлде әзербайжандық Вели Исрафиловқа (1:05.35) бұйырды. 

17 мамыр 2024 / Sport

Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреген. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі.

29 сәуір 2024 / Sport

Қазақстан құрамасы екі күміс жүлдеге қол жеткізді

Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі күміс медаль алды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.