Канвон-2024: еліміздің көк байрағын қос спортшы көтеріп шықты
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында алауы тұтанған IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ресми ашылу салтанатының «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның туын Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан ұстап шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Фото: Нұрғали Жұмағазы
18 жастағы Шумекова - конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, ел біріншілігінің жеңімпазы, 2023 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері. Ал, 17-дегі екінші ту ұстаушы Ерасыл Шыңғысхан - шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.
«Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығатыны мәлім болды.