ашылу салтанаты

ашылу салтанаты - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【ашылу салтанаты】 жаңалықтар Arbat media
Вчера, 0:24 / Новости Казахстана

Димаш Құдайберген Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ашылуында өнер көрсетеді

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада Орталық Азияның көшпелі халықтарының дәстүрлерінен келе жатқан этникалық спорт түрлеріне арналған ірі халықаралық шара – V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Бұл ойындар Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын паш ететін маңызды алаңға айналады. 

27 шілде 2024 / Мир

Селин Дион Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында өнер көрсетті

Селин Дион Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті. 2022 жылы әншіге неврологиялық ауру – бұлшықет қатаю синдромы диагнозы қойылған болатын. Сирек кездесетін ауруға шалдыққанына қарамастан, 56 жастағы әнші ашылу салтанатында өнер көрсете алды. 

27 шілде 2024 / Мир

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Леди Гага өнер көрсетті

Леди Гага 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті. Леди Гага Сена өзеніне баспалдақпен төмен түсіп, ашылу салтанатында ән айтты. Ол француз әртісі және әнші Зизи Жанмердің Mon truc en plumes әнінің нұсқасын орындады. 

27 шілде 2024 / Sport

30 мыңнан астам адам Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін Парижде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Қаланың жеті тұсында 30 мыңнан астам адам маңызды іс-шараны тамашалау үшін бас қосты, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

27 шілде 2024 / Sport

Париж Олимпиадасы: Қазақстан делегациясы көк Туды желбіретті

Франция астанасы Париж қаласында жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде дәстүрге сай спортшылар шеруі өтті. Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шықты. 

26 шілде 2024 / Мир

2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады. Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі ойындардың ашылу салтанатына орай көшеде қауіпсіздік қызметтері де күшейтілген. 

24 шілде 2024 / Мир

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Джилл Байден АҚШ делегациясын басқарады

АҚШ бірінші ханымы Джилл Байден жұма күні Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында АҚШ делегациясын басқарады. Бұл туралы ресми мәлімдемені Ақ үй Джо Байден президенттік сайлауға түсуден бас тарту туралы шешім қабылдағаннан екі күн өткен соң жасады. Бірінші ханым делегациясының құрамына бірнеше танымал тұлғалар кіреді, соның ішінде Лос-Анжелес мэрі Карен Басс бар. 

20 наурыз 2024 / Мир

ХОК Ресей, Беларусь спортшыларына Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысуға рұқсат бермеді

ХОК Ресей Федерациясы мен Беларусь спортшыларына 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға рұқсат бермеді. Бейтарап спортшылар ашылу салтанаты кезіндегі делегациялар шеруіне қатыса алмайды, өйткені олар жеке спортшылар, делінген ХОК мәлімдемесінде. Дегенмен спортшылар бұл шараға көрермен ретінде қатыса алады.