Канвон-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 16- орынға сырғыды
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 16- орынға сырғыды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Әзірге ел құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 қола медаль бар. Ал жалпы медальдар кестесінде Италия құрамасы ешкімге дес берер емес. Олардың қоржынында дәл қазіргі уақытта 9 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.
Екінші орында келе жатқан Франция құрамасының еншісінде 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Германия құрамасының қоржынында 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.
Қазірге дейін Канвон Олимпиадасының медаліне 80 мемлекеттен 30 ел қол жеткізіп үлгерген.
Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:
1. Италия – 9 алтын, 2 күміс, 2 қола (13)
2. Франция – 6 алтын, 2 күміс, 3 қола (11)
3. Германия – 6 алтын, 3 күміс, 2 қола (11)
4. Қытай – 4 алтын, 7 күміс, 1 қола (12)
5. Австрия – 2 алтын, 6 күміс, 5 қола (13)
6. Оңтүстік Корея – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола (8)
7. Швеция – 2 алтын, 1 күміс, 3 қола (6)
8. Словения – 2 алтын, 1 күміс (3)
9. Нидерланды – 2 алтын (2)
10. АҚШ – 1 алтын, 4 күміс (5)
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр.
Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салуда.