СпортБүгін, 14:45

Махмұд Сабырханның екінші жұбайы көпшілікке жауап берді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші жары ел арасында қызу талқыланған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол өз сөзінде Махмұдпен таныстығы мен некелерінің қалай басталғанын ашық айтты.

Көп адам осыны сұрап жатыр. Біз қалай таныстық дейсіздер ме? Жазда үш айдай Астанада болдым, кейін оқу басталып, Шымкентке қайттым. Сабақ пен жұмыс арасында жүрдім.

Сол кезде Махмұд Ливерпульде жарыста болған. Оны ол уақытта мүлде көрмегенмін де, тіпті таныс та емес едім. Бір күні жұмыста отырғанда анам жазды. Осылайша үлкендер арқылы таныстық. Бар болғаны үш рет кездесіп, үйлендік, – деді ол.

Махмұд Сабырхан боксшы Әйел чемпион

Тақырыпқа жаңалықтар