Милич Чурчич «Тобылдың» бас бапкері қызметінде қалды
Сербиялық маман Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубының бас бапкері қызметінде қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, М.Чурчичпен келісімшарт ұзартылды.
«Біз Милич Чурчичпен келісім-шартты ұзартқанымызға өте қуаныштымыз, өйткені біз жаттықтырушы мен командаға толық сенеміз. Өткен маусымда бітірмеген жұмысты алдағы жылы бірлесіп аяқтауымыз керек. Жаттықтырушы бәсекеге қабілетті команда құрып, клубымызды жоғары нәтижелерге жетелейді деп сенеміз. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», – деді клубтың құрылтайшысы Әлімжан Қалдияров.
Сербиялық маман қостанайлық клубты 2023 жылдың қаңтарынан бері баптап келеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: