Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Брессюир (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 6-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда франциялық, әлемнің 156-ракеткасы Грегуар Баррерді ойсырата ұтты – 6:1, 6:3.Бір сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кетпеді. Баррер 3 эйспен шектелді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 199-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовпен таласады.
М.Кукушкин жуырда Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысында А.Качмазовты 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңген еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: