ширек финал

ширек финал - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【ширек финал】 жаңалықтар Arbat media
30 шілде 2024 / Новости Казахстана

XXXIII Олимпиада: Мұхаммедсабыр ширек финалға шықты

Париж Олимпиадасында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. 1/8 финалда жерлесіміз 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері тайбэйлік Лай Чжуэнмен жекпе-жек өткізді. 

28 шілде 2024 / Sport

Олимпиадада футболдан ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Париж Олимпиадасында футболдан ерлер арасындағы жарыстың екінші туры аяқталып, ширек финалға шыққан бірқатар командалар анықталды. Алғашқы екі турда сүрінбеген Франция, Испания, Жапония құрамасы ширек финалға жолдама алып үлгерді. Қалған жолдама иегерлері шешуші турда анықталады. С тобында сынға түсіп жатқан Өзбекстан жарысты жалғастырудан шет қалып қойды. Өзбекстандық футболшылар алдымен Испаниядан 1:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Египетке 0:1 есебімен есе жіберді. Енді олар 30 шілдеде Доминикан Республикасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіске жеткенімен ширек финалға шыға алмайды. 

8 шілде 2024 / Sport

Уимблдон: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездескен, есеп тең еді - 2:2. Бұл жолы Калинская матчты брейкпен бастады - 2:0. Бірақ Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті алды - 6:3. 

3 шілде 2024 / Sport

Еуро-2024: Түркия Австрияны жеңіп, ширек финалға шықты

Түркия Австрияны 2:1 есебімен жеңіп, Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты. 1/8 финалдық ойын Лейпцигтегі стадионда өтті. Түріктердің екі голын да қорғаушы Мерих Демирал соқты. Шабуылшы Михаэль Грегорич Австрия құрамасы сапында бір гол соқты. 

2 шілде 2024 / Sport

EURO-2024: Нидерланд ширек финалға жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде Нидерланд ширек финалға жолдама алды. D тобында сынға түскен нидерландтық футболшылар жанкүйер көңілінен шығарлық ойын көрсете алған жоқ еді. Топтық кезеңде Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде төрт ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. 

5 маусым 2024 / Sport

Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы осы күндері Босния мен Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында ойнады. Қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Словения құрамасына қарсы ойнады. Ойын барысында Диас Егінжановтың орындауында небәрі 1 ғана гол салынып, команданы жеңіске жеткізді.

3 маусым 2024 / Sport

Рыбакина Токиодағы есесін қайтарып, ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстанның көшбасшы теннисшісі төртінші айналымда Филипп Шатрье кортында дүниежүзілік рейтингіде 2017 жылы үшінші орынға дейін көтерілген, қазір 19-сатыда тұрған украиналық Элина Свитолинаға қарсы келді.