Спорт9 наурыз 2024, 6:02

Nөртінші боксшымыз қарсыласын шаң қаптырды

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде шаршы алаңға шыққан боксшыларымыздың барлығы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Махмұд Сабырхан Италиядағы доданың 1/8 финалына шықты.

Ол аталған турнирдің 1/16 финалында (57 кг) Таиланд боксшысы Саравут Суктхетті 3:2 (29:28, 29:28, 29:28, 28:29, 28:29) есебімен жеңді.

Шаршы алаңға шыққан төрт боксшымыздың төртеуі де жеңіске жетіп, келесі айналымдарға жол алды.

Бүған дейін Алуа Балқыбекова Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 5:0 есебімен қарсыласын жарыс жолынан шығарса, Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде аргентиналық Лорена Соледад Балбуэнді жеңді.

Ал ерлер арасында 80 келідегі қазақстандық әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

 

Италия Махмұд Сабырхан Алуа Балқыбекова Нұрбек Оралбай

Тақырыпқа жаңалықтар