Нұрбек Оралбай

Нұрбек Оралбай - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Нұрбек Оралбай】 жаңалықтар Arbat media
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Нұрбек Оралбайға жерлестері көлік сыйлады

Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай туған жеріне табан тіреді. 80 келі салмақта өнер көрсететін спортшы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының тумасы. Бокстан жалғыз финалист атанған Нұрбекті қарсы алу шарасына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жамбылдық спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы ел сенімін ақтаған Нұрбек бүгінде қазақ боксының мақтанышына айналғанын атап өтті.

8 тамыз 2024 / Sport

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. 

12 наурыз 2024 / Sport

Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай ел қоржынына тағы екі жолдама салды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде ел қоржынына тағы екі жолдама түсті. Оның бірін — ерлер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов жеңіп алса, екіншісін — Нұрбек Оралбай қанжығасына байлады.