Placeholder Нұрбек Оралбай біраз уақыт рингке шықпайды - бас бапкер
Фото: olympic.kz
olympic.kz
Спорт15 қазан 2024, 14:34

Нұрбек Оралбай біраз уақыт рингке шықпайды - бас бапкер

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында халықаралық турнир өтті. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысты қорытындылап, шаршы алаңға шыққан боксшылардың өнерін бағалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир жеңімпаздары Иорданияда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды. Кей салмақ бойынша спортшылардың сайыс барысында жарақат алуына байланысты ашық спарринг өтуі мүмкін.

Қайрат Сәтжанов халықаралық турнир жоғары деңгейде өткенін айтты.

«Турнирге 140 спортшы қатысты. Сайысқа олимпиада, әлем чемпионатының жүлдегерлері де қатысты. Теміртас Жүсіповтың дайындығы жақсы болды. Санжар Тәшкенбай да бабында өнер көрсетті. Екеуі де 48 келіге дейінгі салмақта кездесуі керек еді. Бірақ жарақат салдарынан Санжар жарыстан шығуға мәжбүр болды. Дамир Әбдіқадыр, Даниял Сәбит жақсы жұдырықтасты. Нұрсұлтан Алтынбек те өте мықты болды. Оразбек Асылқұловқа келер болсақ, әр кеште арнайы топта өткен жиында оған «5+» деген баға бердім», деді Қайрат Сәтжанов.

Бас бапкер Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбайдың бұл турнирге неге қатыспағанын түсіндірді.

«Олар турнирге жарақаттары болған соң қатыспады. Ал жарақаттарынан емделу үшін ұзақ уақыт қажет болып тұр. Мәселен, Нұрбек Оралбай мұрнына ота жасатуы қажет. Ол әлі біраз уақыт шаршы алаңға шықпайды деп ойлаймын. Десе де жаттығу жиындарына қатысады. Спаррингке әзірге шығармаймыз. Барынша мұқият, сақ болу керек. Қамшыбектің омыртқасында жарық бар. Асланбек те ем алып жатыр. Сондықтан біз оларға жиындар мен алдағы сайыстарға қатыспауға рұқсат бердік», деді бас бапкер.

Нұрбек Оралбай Қайрат Сәтжанов ринг

Тақырыпқа жаңалықтар