Placeholder
Фото: ҚР ҰОК
QR UOK
Спорт9 қыркүйек 2024, 17:09

Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына енді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, олимпиада чемпионының кандидатурасы бұл күндері Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының Бас Ассамблеясы кезінде АОК Атқарушы комитетінің қарауына ұсынылған болатын.

Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Рыпакова АОК Атқарушы комитетінде Орталық Азия аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді. АОК президенті сайланып, Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) ұйым басшысы ретінде қайта сайланды.

 

Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитеті

Тақырыпқа жаңалықтар