Спорт12 наурыз 2024, 11:00

Олимпиадаға үшінші жолдама — Махмұд Сабырханда

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан ширек финалда қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Отандасымыздың шешуші сәттегі қарсыласы — 2011 жылы Астана төрінде өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында топ жарған, сонымен қатар осы жылы әлемде ең мықты жасөспірім атағын жеңіп алған аса тәжірибелі тәжікстандық боксшы Асрор Вохидов болатын.

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Сабырхан қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, лицензияға ие болды.

Махмұд Сабырхан алғашқы іріктеу сынында эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтса, осы турнирдегі екінші айқасында Таиланд боксшысы Саравут Суктхетті 3:2 есебімен жеңді.

Ал үшінші айқасында Пуэрто-Рикодан келген Хосе Калеб Паган Тирадомен қолғап түйістіріп, тағы да қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға өткен болатын.

Жолдама сарапқа салынған шешуші сында тәжікстандық Асрор Вохидовтан айласын асырып, қазақ боксшыларының Париж олимпиадасына жолдама санын тағы біреуге толықтырды.

 

Махмұд Сабырхан бокс Италия жолдама

Тақырыпқа жаңалықтар