Спорт29 маусым 2024, 16:00

Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды

27 маусымда Париж-2024 ойындарындағы бокстан бастапқы жеребе тарту өткізілді.Негізгі жеребе 25 шілде North Paris Arena-да өтеді. Ал аталған шараның мақсаты – әр салмақтағы топ 8 боксшының позициясын анықтау. Ұйымдастырушының ақпаратына сәйкес аталған жеребеде тек құрлықтық сайыстарда лицензия алған боксшылар қатыстырылған. Өйткені құрлықтық сайыстар – әр елге жолдама иеленуге берілген ең алғашқы мүмкіндік, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан бокс федерациясы мәлімдемесінде: «Аталған жеребеден Карина Ибрагимова мен Қамшыбек Қоңқабаевты ғана көре алдық. Себебі дәл осы боксшылар Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Каринаға (57 келі) да, Қамшыбекке (+92 келі) де өз салмақтарында жетінші нөмір түскен», делінген.

ариж-2024 Paris Arena бокс жеребе

Тақырыпқа жаңалықтар